WhatsApp: 8(778)416-16-80; 140005, Павлодар қаласы, Мир к-сі, 22; KENSE.UV@PAVLODAR.GOV.KZ; 8 (7182) 531504 қабылдау бөлмесі

2018 жылғы 1 қазанға ауыл шаруашылық жануарлар электронды бірдейлендіру дерекқорында тіркелген: ІҚМ – 455 805 бас; ҰҚМ – 603 102 бас; шошқалар – 72 948 бас; жылқы – 154 070 бас; түйелер –123 бас

Стандарттар

Скачать документ одним файлом на русском и казахском языке

1

Ветеринария саласындағы

         мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

         стандарттарын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

10) Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

  1. Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі                                       А. Мамытбеков

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

_______________Ә. Исекешев

«____» ___________ 2015 жылы

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

_________________Е. Досаев

«____» ___________ 2015 жыл

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушы

_________________Т. Жақсылыков

«____» ___________ 2015 жыл

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 маусымдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

1-қосымша

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге
Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге
    Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізбе негізінде Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аулақтық инспекцияларының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экспорт кезінде берілетін ветеринариялық сертификат (бұдан әрі – ветеринариялық сертификат), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Ветеринариялық сертификат электронды нысанда ресімделеді, бланкке басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық сертификатты алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
    10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының
    6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық сертификат бланкісі үшін) көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжатдың және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде – мемлекеттік ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;

4) ит және мысықты тасымалдау (орын ауыстыру) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;

5) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжат;

порталға:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде – мемлекеттік ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) электрондық көшірмесі;

3) ит және мысықты тасымалдау (орын ауыстыру) кезінде – ветеринариялық паспорттың электрондық көшірмесі;

4) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты, асыл тұқымды мал куәлігі немесе оған балама құжат, аулап алудың шығу тегі, тасымалданатын (орын ауыстырылатын) объектілерді тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып экспортқа рұқсат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы ақпараттың ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі;

2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қауіпсіздік қағидаларына сәйкес келмеуі;

3) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсаттың болмауы (үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде).

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ мынадай мекенжайлар бойынша Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының немесе Министрлік басшысының атына беріледі:

1)      Комитетке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,
605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45, электрондық мекенжайы: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz;

2)      Министрлікке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

Нысан

________________________________________

(аумақтық бөлімшенің атауы)

_________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ЖСН

/ заңды тұлғаның атауы, БСН)

Мемлекеттік тіркеу

Анықтамасының нөмірі (куәліктің) _____________

Мекенжайы__________________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

Ветеринарлық сертификат беруіңізді сұраймын_______________________________________

(өндіріс объектісінің атауы, қызмет түрі )

Жануарды (балық, ара, қосмекенділер, жәндіктерден басқа), жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстырған кезде – жануардың жеке нөмірі, ветеринариялық паспорттың нөмірі ___________________________________________________________________________

асыл тұқымды жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде әр жануар басына және асыл тұқымдық өнімге (материалға) қосымша – асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың нөмірі және күні__________________________________________________________

балықтың және басқа да су жануарларының (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гамарус, салина (циста) артемиясы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлеміне берілетін балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі және күні______________________________________________________

Мына мекенжайда орналасқан _____________________________________________________

Өндіріс объектісінің тіркеу нөмірі __________________________________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы______________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, өлшем бірлігі ______________ _________________________________________________________________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы мемлекет және межелі орны  _________________________________________________________________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауда қолдану болжанатын көлік түрі ________________________________________________________________________________

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту болжанатын мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері көрсетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары _________________________________________________________________

Экспорттау мақсаты (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп бағу, сату, етке сою, өнім және шикізат үшін – өткізу, өңдеу, жемшөп және жемшөп қоспалары үшін – олар арналған жануарлар түрі, ____________________________________________________________________________

экспортқа рұқсат нөмірі, күні ______________________________________________________ _________________________________________________________________________________

Мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын ___________________________________________

Байланыс телефоны ________________________ E-mail _________________________________

________________________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

__________________________________________________________20___жылғы __________

(өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы )

Қосымша: ______ парақта 1 данада __________________________________________________

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып  табылады.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 маусымдағы

№7-1/418 бұйрығына

2-қосымша

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбе негізінде құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;

анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Ветеринариялық-санитариялық қорытынды электронды нысанда ресімделеді, бланкке басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылады және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
    10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының
    6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін) көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі;

4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төлегенін растайтың құжат;

порталға:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;

3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді туралы мемлекеттік тіркеу, меншік құқығында тиісті үй-жайлардың бар болуы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлға – оның  атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

Нысан

____________________________________

(ветеринария саласындағы қызметті

____________________________________

жүзеге асыратын жергілікті атқарушы

____________________________________

орган бөлімшесінің атауы)

____________________________________

____________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ЖСН / заңды тұлғаның атауы, БСН)

Анықтама нөмірі (куәлік*)

Мемлекеттік тіркеу___________________

Мекенжайы__________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беруіңізді сұраймын_____________________

(объектінің түрі)

_________________________________________________________________________________

Объектінің атауы__________________________________________________________________

Объектіні белгілеу_________________________________________________________________

Объектінің сипаты_______________________________________________________________

Объектінің шығу тегі_______________________________________________________________

Үй-жайына жеке құқық белгілеу_____________________________________________________

Мына мекенжайда орналасқан ____________________________________________________

Үй-жайы иесінің мәліметі___________________________________________________________

Келісім-шарт қорытындысының күні_________________________________________________

Келісім-шарттың жарамдылық уақыты________________________________________________

Келісім-шарттың ерекше шарттары___________________________________________________

Үй-жайының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күні_________________________________

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

________________________________________________________________________________

Байланыс телефоны __________________ E-mail ______________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

_______________________________________________  ___________________   20___ жылғы

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)

Қосымша: _____ парақта 1 данада___________________________________________________

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

3-қосымша

«Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәлігі (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасы, не осы мемлекеттік көзделген қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Куәлік электронды нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде  – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында (қоса алғанда) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

куәлкті алу кезінде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік алуға арналған өтініш;

өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін), жеке басты куәландыратын құжат;

куәліктің телнұсқасын алу кезінде:

куәліктің екінші тел нұсқасын беруге арналған еркін нысандағы өтініш;

өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін), жеке басты куәландыратын құжат;

порталға:

куәлкті алу кезінде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

қағаз жеткізгіште берілген куәліктің телнұсқасын алу кезінде;

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

қызмет алушының өтініште көрсетілген шынайы емес мәлеметтерді ұсынуы;

ветеринариялық препараттардың және жемшөп қоспаларының  тіркеу сынағының және апробациясының теріс нәтижелері.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет,
    8 (7172) 55-58-15 телефоны, немесе Министрліктің басшысының атына мына мекенжай бойынша 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63 телефондары бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетеді;

заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

Нысан/Форма

Өтініш/Заявление

  1. Тапсырыс беруші /Заявитель___________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, БСН немесе жеке тұлғаның аты-жөні (бар болғанда), ЖСН/

_____________________________________________________________________________

(наименование юридического лица, БИН или фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица, ИИН)

Мына ветеринариялық препратты, жемшөп қоспасын (керегінің астын сызу)
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткізуді өтінемін / Прошу провести государственную регистрацию, в Республике Казахстан следующего ветеринарного препарата, кормовой добавки (нужное подчеркнуть)

_____________________________________________________________________________ (ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспасының саудалықы атауы/ торговое  название ветеринарного препарата, кормовой добавки)

  1. Өтініш берушінің мекенжайы, телефоны, факсі, банктік деректемелері/ Адрес Заявителя, телефон, факс, банковские реквизиты___________________________________ _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

  1. Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспасы туралы мәліметтер/ Сведения о ветеринарном препарате, кормовой добавке:

1) құрамы/состав:______________________________________________________________

2) дәрілік нысаны/ лекарственная форма__________________________________________

3) арналған/назначение _________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

  1. дайындаушы/ разработчик________________________________________________ _____________________________________________________________________________

  1. Өндіруші/ Производитель_____________________________________________________

_____________________________________________________________________________

  1. Өтініш берушінің өкілі/ Представитель Заявителя ________________________________

(өкілдің, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы,

_____________________________________________________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі, сенімхат № күні/ фамилия, имя, отчество, должность представителя

_____________________________________________________________________________

  индивидуальный идентификационный номер, доверенность № дата)

____________________________________________________________________________

  1. Мынадай құжаттар туралы қажетті мәліметтерді көрсету қажет/Указать необходимые сведения о следующих документах:

1) ғылыми-техникалық құжаттама, келісілген күні / научно-техническая документация, дата согласования

_____________________________________________________________________________

2) апробация және/немесе тіркеу сынағының нәтижелері, нәтижені берген күні, № / результаты апробации и/или регистрационного испытания, №  дата выдачи результата _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін./Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын./Достоверность представленных сведений подтверждаю.

  1. Тапсырыс берілді/ Заявка подана: «_______» ____________________20______жылы/год

_____________                   ____________________________________________

қолы/подпись                            тегі аты әкесінің аты (бар болса)/ фамилия имя отечество (при наличии)

  1. Тапсырыс қабылданды/ Заявка принята: «______» _____________ 20______жылы/год

__________________________            _____________________________________________

                      қолы/подпись                     тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/ фамилия имя отчество (при наличии)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

4-қосымша

«Ветеринариялық анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринарлық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүннен бастап жүгінген күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринариялық анықтама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәлеметтер
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында (қоса алғанда) сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкес үшін).

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруіші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты  көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

  1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы);

2) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнының қолайсыз аймақ деп белгіленуі;

3) жануардың жеке нөмірінің болмауы;

4) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен  қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетеді;

заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ берілген  шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін  қызметті алушыға почта байсанысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінен кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық
    нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ветеринариялық анықтама беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

Нысан

______________________________________

(мемлекеттік ветеринариялық ұйымның атауы) __________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ЖСН

/ заңды тұлғаның атауы, БСН)

Мекенжайы______________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

____________________________________ ветеринариялық анықтама беруіңізді сұраймын

(жануарға, жануардан алынатын өнімге мен шикізатқа. жемшөпке)

Байланыс телефоны __________________ E-mail ______________________________________

__________________________________________________________     20__жылғы _________

(өтініш иесінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы)

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

ескертпе:* жануарларды тасымалдау кезінде жануардың түрі, паспортының бірдейлендіру нөмірі;

жануарлардан алынатын өнімді, шикізатты тасымалдау кезінде өнімнің атауы, салмағы, орамасы, таңбалануы, бірдейлендіру нөмірі көрсетіледі.

Казақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

5-қосымша

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 7 (жеті) күн;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 5 (бес) жұмыс күні;

өндіріс объектісі жүзеге асыратын қызмет түрін өзгертуге әкеп соқтырмай, атауы және/немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда және – 5 (бес) жұмыс күні;

жүзеге асыратын қызмет түрі өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есептік нөмірді беру рәсімдерінен қайта өтеді;

сою алаңдары қолда бар есептік нөмірін растау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есептік нөмірді қайта ресімдеу рәсімінен өтеді.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты –  30 (отыз) минут;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірдің берілгені туралы растама (бұдан әрі – растама) беру немесе берілген есептік нөмірді қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Растама электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, қол қойылады және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің  – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

есептік нөмір беру үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.

Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

порталға:

есептік нөмір беру үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпараттың электрондық көшірмесі.

Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ветеринария-санитариялық қорытынды туралы, бұрын берілген есептік нөмір туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

  • көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру мерзімі өтініш бергенге дейін күнтізбелік отыз күннен астам уақыт бұрын;

2) берілген ветеринариялық-санитариялық қорытындыға сәйкес өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына, ал өтініш беруші экспорттаушы болып өндіріс объектілері сәйкес келмеген жағдайларда.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

_____________________________________

(ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын

_______________________________________________жергілікті атқарушы орган  бөлімшесінің атауы)

______________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ЖСН, /
заңды тұлғаның атауы, БСН)

Мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің*) нөмірі_________________________________________

Мекенжайы____________________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

_____________________________________________________________________________

(өндіріс объектісінің, атауы қызмет түрі)

__________________________________________________________________есептік нөмір беруіңізді сұраймын.

________________________________________________  мекенжайы бойынша орналасқан.

Ветеринариялық-санитариялық қорытындының берілген күні және нөмірі _____________________________________________________________________________

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

____________________________________________________________________

Байланыс телефоны __________________ E-mail _______________________

____________________________________________________     20__жылғы ____________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) өтінім берушінің қолы )

Қосымша: _____ парақта __________ 1 данада

ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

«Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан

_____________________________________

(ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын

_______________________________________________жергілікті атқарушы орган  бөлімшесінің атауы)

______________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ЖСН, /
заңды тұлғаның атауы, БСН)

Мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің*) нөмірі_________________________________________

Мекенжайы____________________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

_____________________________________________________________________________

(өндіріс объектісінің, атауы қызмет түрі)

__________________________________________________________________________сою алаңының есептік нөмірін қайта ресімдеуіңізді, растауыңызды (керектісінің астын сызу қажет) сұраймын.

________________________________________________  мекенжайы бойынша орналасқан.

Ветеринариялық-санитариялық қорытындының нөмірі және берілген күні _____________________________________________________________________________

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

____________________________________________________________________

Байланыс телефоны __________________ E-mail _______________________

____________________________________________________     20__жылғы ____________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) өтінім берушінің қолы )

Қосымша: _____ парақта __________ 1 данада

ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 маусымдағы

№7-1/418 бұйрығына

6-қосымша

  «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық және аудандық филиалдары;

2) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сараптама актісі (сынақ хаттамасы).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетелетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
    10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 3), 5), 6), 6-1), 7) тармақшаларына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі. Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» және Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – зертханалар) тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда не зертханалардың кассаларына қолма-қол ақшамен төлейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Министрліктің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері, диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасы үшін мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынама алуы ақысыз жүзеге асырады.

  1. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің  – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігері ұсынған ілепсе;

2) матриалды зерттеуге арналған төлемді растайтын құжаттың көшірмесі;

3) зерттелетін материалдар – диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен алынған сынамалар (Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшесі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері ұсынады).

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2)  материалды зерттеуге арналған төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда.

Зерттелетін материалдар – диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен алынған сынамалар және ілепсе құжат Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеттінің аумақтық бөлімшесі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ мынадай мекенжайлар бойынша Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының немесе Министрлік басшысының атына беріледі:

1)      Комитетке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,
605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45, электрондық мекенжайы: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz;

2)      Министрлікке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетеді;

заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы  6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

7-қосымша

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті:

1) ветеринариялық мақсаттағы ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:

лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген
кезде – 3 (үш) жұмыс күні;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, оны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
    Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия берген кезде лицензиялық алым 6 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлеменің 10 %-ын, бірақ 4 АЕК-тен аспайтынды құрайды;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) лицензия алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;

заңды тұлғалар үшін  – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі (сәйкестендіру үшін);

жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

дара кәсіпкер ретінде көрсетілетін кызметті алушының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);

ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

жалға алу шарты құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігін растайтын құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаларға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

жалға алу шарты құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігін растайтын құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі;

2) лицензиясы бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;

заңды тұлғалар үшін  – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі (сәйкестендіру үшін);

жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

дара кәсіпкер ретінде көрсетілетін кызметті алушының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);

жалға алу шарты құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігін растайтын құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес

ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;

жалға алу шарты құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігін растайтын құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі;

3) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші;

заңды тұлғалар үшін  – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі (сәйкестендіру үшін);

жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

дара кәсіпкер ретінде көрсетілетін кызметті алушының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);

лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші;

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын құжаттардың электрондық көшірмесі;

4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болмаған лицензияның телнұсқасын алу үшін;

көрсетілетін қызметті берушіге:

лицензиянық және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалғаны, бүліндені туралы еркін нысандағы өтініш;

заңды тұлғалар үшін  – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі (сәйкестендіру үшін);

жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

дара кәсіпкер ретінде көрсетілетін кызметті алушының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);

лицензияның телңұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

порталға;

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау.

ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алым бюджетке төленгенің растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралыменшік құқығында тиісті үй-жайларының бар екендігі туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы,лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
  • Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
  • лицензиялық алымның енгізілмеуі;
  • көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
  • көрсетілетін қызметті берушінің тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы жауабын алуы;
  • көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін уақытша тоқтату немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
  • сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге тыйым салуы.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитет (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63;

2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің және ЖАО-ның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Комитеттің, Министрліктің және ЖАО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не Комитеттің, Министрліктің және ЖАО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қараулады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған өтiнiші

__________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

__________________________________________________________________  (ДК атауы, ДК куәлігінің № және берілген күні (бар болған жағдайда) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

__________________________________________________________________

(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лерінің) толық атауын көрсету)

жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған
жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
__________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық поштасы ______________________________________________

Факсы ____________________________________________________________

Банктік шоты_______________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.

Жеке тұлға __________ __________________________________________
(қолы)   (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны (бар болған жағдайда) Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ________

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған өтiнiші

__________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

__________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________________________________________________

(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лерінің) толық  атауын көрсету) __________________________________________________________________

жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________

(пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

Электрондық поштасы ______________________________________________ Телефондары ______________________________________________________ Факсы ____________________________________________________________

Банктік шоты _____________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.

Басшы ______________ ______________________________________________

(қолы)          (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны       Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі

  1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық талаптармен және технологиялық құрал-жабдықтарын жинақтау нормативтерімен сәкестігі туралы ветеринариялық санитариялық қорытынды туралы мәлімет:

Бірдейлендіру нөмірі __________________________________________

  1. Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтары; өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн құрал-жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген зертханалар немесе көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың сынау жұмысын орындау (қызмет көрсету) туралы шарттар:

1) әзірлеуші зауыттардың құрал-жабдықтарға пайдалану куәлігінің деректері:

куәліктің нөмірі _________________________________________________

берілген күні ____________________________________________________

куәлікті берген орган ______________________________________________

құрал-жабдықтың қолдануы ________________________________________

2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тексеруден және/немесе калибрлеуден өту туралы растауы:

нөмір ___________________________________________________________

берілген күні ____________________________________________________

сертификатты берген орган _________________________________________

сертификаттың жарамдылық мерзімі _________________ __________ дейін;

3) зертхананың акредитациядан өткені немесе акредиттелген зертханамен жасасқан шарт туралы мәлімет:

нөмір ___________________________________________________________

берілген күні ____________________________________________________

акредитация туралы берген орган ____________________________________

құжаттың жарамдылық мерзімі ____________________ ____________ дейін;

келісім-шарттың нөмірі ____________________________________________

қорытындының күні ______________________________________________

келісім-шарттың жарамдылық мерзімі _______________________________

  1. Ветеринариялық препараттарды өндіруді регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманың болуы:

1) ветеринариялық препарат өндіру бойынша мекеменің стандарты, өндіруші басшымен бекітілген өндірілетін ветеринариялық препаратқа техникалық жағдай (иә/жоқ);

2) мекеме басшысымен бекітілген, ветеринариялық препаратты қолдану (іске асыру) бойынша басшылық (иә/жоқ);

3) өндірістік және бақылау микроорганизм штамдарына куәлік:

штамның қолданылуы ___________________________________________
штаммның нөмірі ______________________________________________
шартты көрсету _______________________________________________
штамм кіммен алынды __________________________________________
алынған күні _________________________________________________
штамм қайсы жануардан алынды _________________________________
штамм қайсы мекемеден алынды _________________________________
материалдың мінездемесі________________________________________
________________________________________________________________
(тұрақтаудың түрі, бөлшектеп өлшеуі, әдісі) ____________________________
серологиялық қасиеті _________________________________________
титрлеу нәтижесі _____________________________________________
4. Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамы:

тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде, «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандар (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде, биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандар; тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі қызметкерінің мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері. Жеке тұлғалар үшін: «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білім; мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері:

1) техникалық басшылар және мамандар құрамының біліктілігі туралы мәлімет:

жоғарғы оқу орнының атауы_______________________________________
мамандық және біліктілік _____________________________________
жоғары/орта білімі туралы және қызмет түрінің лицензиялау профилі бойынша дипломның нөмірі ___________________________________
дипломның берілген күні ______________________________________
2) маманданудан/біліктілігін жоғарылатудан өткені туралы куәлік:

мамандану/біліктілігін жоғарылату өткен мекеменің атауы ________________________________________________________________

тәртіп _______________________________________________________
сертификаттың нөмірі _________________________________________
сертификаттың берілген күні _______________________________________

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі

  1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық талаптармен және технологиялық құрал-жабдықтарын жинақтау нормативтерімен сәкестігі туралы ветеринариялық санитариялық қорытынды туралы мәлімет:

Бірдейлендіру нөмірі __________________________________________

  1. Сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттар, сондай-ақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізуге арналған өлшеу, сынау жабдықтары:

1) стандарттар, методикалық нұсқамалар (иә/жоқ)

2) өтініш берушінің қолымен расталған, құрал-жабдықтарға
өндіруші-зауыттардың қолданыс куәліктерінен мәлімет:

куәліктің нөмірі__________________________________________________
берілген күні ____________________________________________________
куәлік берген орган )________________________________________________
құрал-жабдықтың қолданылуы ______________________________________

3) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тексерілген және/немесе калибрлеуден өту туралы растауы:

нөмір ___________________________________________________________
берілген күні __________________________________________________
сертификатты берген орган ________________________________________
сертификаттың жарамдылық мерзімі _________________ __________ дейін;

  1. Заңды тұлға басшысының «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі.

Заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесінің штатында: ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер), соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері:

1) техникалық басшылар және мамандар құрамының біліктілігі туралы мәлімет:

мамандық және біліктілік _____________________________________
жоғары/орта білімі туралы және қызмет түрінің лицензиялау профилі бойынша дипломның нөмірі __________________________________________
дипломның берілген күні ______________________________________
2) маманданудан/біліктілігін жоғарылатудан өткені туралы куәлік:

мамандану/біліктілігін жоғарылату өткен мекеменің атауы _______
__________________________________________________________________
тәртіп _______________________________________________________
сертификаттың нөмірі _________________________________________
сертификаттың берілген күні _______________________________________

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған өтiнiші

__________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

__________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

__________________________________________________________________

(қызмет түрiнің және (немесе) кіші түрінің(-лерінің) толық атауы)

_____________________________________________________ жүзеге асыруға

20___ жылғы « » ___________ № ____________, _______________ берілген,

(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)өзгеруі _______

2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _______________________

__________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық поштасы ______________________________________________

Телефондары ______________________________________________________

Факсы ____________________________________________________________

Банктік шоты ______________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.

Жеке тұлға ____________ _______________________________________
(қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны (бар болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__» __________

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша

Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған өтiнiші

__________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

__________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

_____________________________________________________________ жүзеге асыруға (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші
түрінің(-лерінің) толық атауы)

20___ жылғы «     » ___________ № ____________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________

(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

Электрондық поштасы _____________________________________________

Телефондары ______________________________________________________

Факсы ____________________________________________________________

Банктік шоты ______________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ______________________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат  (стационарлық үй-жай) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.

Басшы ________________________________________________________

(қолы)         (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны  Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

8-қосымша

«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін

қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді:

  • Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы;
  • Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекцияларының кеңселері (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) арқылы;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы:www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде:

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге – 30 (отыз) жұмыс күні және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күн болатын басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 10 (он) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат (бұдан әрі – рұқсат), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) орталықтың – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі аралығында үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті брондауға болады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) экспорт кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;

орталыққа:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) экспорт кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) электрондық көшірмесі;

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда түрлері туралы конвенцияға жатқызылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге және оларды Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге рұқсат туралы, ветеринариялық препараттар мен жемшөптік қоспаларға тіркеуді куәландыру туралы, асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Орталық қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың электрондық көшірмелерін жаңғыртады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мыналар өтініштің қабылданғанын растау болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті берушіге – өтінішінің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын  көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі;

2) орталыққа – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

3) порталға – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жеке куәлігін көрсеткен кезде, қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет нәтижесіне жүгінбеген жағдайда, орталық оларды бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

Көрсетілетін қызметті алушы орталыққа дайын құжаттарды алуға бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, орталық бір күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыз болуы;

2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау мүмкіндігінің болмауы

3) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайының өзгеруі;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына:

1) Халықаралық эпизоотиялық бюро кодексінің стандарттарына, ұсынымдарына және нұсқамаларына сәйкес, Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитариялық фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі расталған, оның ішінде үшінші елдің құзыретті органдарымен байланысы арқылы, келісіміне сәйкес жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу;

2) ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ветеринариялық-санитариялық тәуекелдің қолайсыз деңгейі;

3) ұйымның немесе адамның Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдар тізілімінде болмауы;

4) өтініште көрсетілген жекелеген экспорттаушы кәсіпорынға (экспорттаушы кәсіпорындар тобына) қатысты уақытша шектеулер енгізу;
5) бақылауға жататын тауарлардың әкелуінуі жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағына немесе ол арқылы жүру маршруты өтетін аумаққа шектеу шараларын, карантинді енгізу (егер шектеу шаралары, карантин қойылған тиісті бақылауға жататын тауарлар аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болған жағдайда);

6) ветеринариялық бақылау және қадағалауға жататын таауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмеуі;

7) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайының өзгеруі;

Көрсетілетін қызметті алушы орталыққа осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар Орталық басшысының атына, сондай-ақ мына мекенжайлар бойынша Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының не Министрлік басшысының атына беріледі:

1) Комитетке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,
605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45, электрондық мекенжайы: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz;

2) Министрлікке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,
301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады;

3) Орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша орталықтың басшысына жолданады.

Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды орталықтың кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің немесе орталықтың атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жеке келу мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдарға мемлекеттік қызметті көрсету сенімхат бойынша, порталдағы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.minagri.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) орталықта – www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурстағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық

жағдайды бағалауды ескере отырып,

орны ауыстырылатын (тасымалданатын)

объектiлердiң экспортына, импортына

және транзитiне рұқсат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

_____________________________________

(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы)

______________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, өндіріс объектісінің ведомство берген есептік нөмірі (коды) / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), есептік нөмірі (коды) ЖСН, БСН, мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің) №, берілген күні, ДК куәлігінің №, тіркеу күні)

Нысан

Өтініш

Сізден __________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.          (экспортқа/импортқа (керегінің астын сызу)

1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі;
2. орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы ел (импорттаушы ел), шыққан жері;
3. орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау, импорттау кезінде пайдалану жоспарланған көлік түрі;
4. олар арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру маршруты;
5. экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, өңдеу; жемшөп пен жемшөп қоспалары үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі);
6. орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің атауын және есептік нөмірін көрсете отырып, Кедендік одақтың кедендік аумағындағы межелі пункті;
7. Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға (бұдан әрі – СИТЕС) жатқызылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе  Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері, жоғалу қаупі бар және СИТЕС ықпалына түсетін тірі жануарларды, аң олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларына (дериваттарына) берілген рұқсаттың күні мен нөмірі;
8. ветеринариялық препараттарды, жемшөпті, жемшөп қоспаларын экспорттау кезінде – шыққан елін және тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күнін), өндіруші ұйымдар және жемшөп қоспалары мен ветеринариялық препараттарды көрсете отырып;
9. асыл тұқымды жануарларды және асыл тұқымдық өнімді (материалды) импорттау кезінде, экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың нөмірі және күні;
10. орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы;
11. объектінің орналасқан жері;
12. орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантиндеу, өндіру, сақтау шарттары
13. ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін,

Мәліметтердің шынайылығын растаймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                                                                                            ____________

(қолы)

«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық

жағдайды бағалауды ескере отырып,

орны ауыстырылатын (тасымалданатын)

объектiлердiң экспортына, импортына

және транзитiне рұқсат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____бөлімі (мекенжайды көрсету керек) мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1._________________________________________________;

2._________________________________________________;

3._________________________________________________

Осы қолхат, әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

_____________________________________________________________

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) (ХҚО қызметкері) (қолы)

Орындаушы: ________________________________________________

тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Телефоны_______________

Алдым: ______________________________________________________

көрсетілетін қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) /қолы

20___жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

9-қосымша

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу қажет болған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады;

Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшерме беру – 30 (отыз) минут;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген кезде (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Ірі жануардың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз көрсетіледі. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы
    2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес чиптердің құнын қайтару ақылы негізде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған чиптердің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бірдейлендіру үшін ветеринариялық паспорт беру:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжатдың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);

чиптер үшін ақы төленгенін (чиптен кезінде) растайтын кұжат;

2) сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде телнұсқасын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру өткізу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);

  • жоғалған немесе ескірген кезде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін:

ветеринариялық паспорттың екінші нұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ветеринариялық паспорттың жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттардың қосымшасымен қоса) өтініш;

жеке басын куәландыратын құжатың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);

  • ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін өтініш;

жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);

порталға ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін электронды құжат нысанындағы өтініш;

Жеке басты куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;

заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет                     стандартына
1-қосымша

Нысан

_________________________________________

(ветеринариялық ұйымның атауы)

_________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)

Мекенжайы _______________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарың (құралдарың) жоғалуына, бүлінуіне, төл алынуына байланысты,  тағы басқа кездерде* (қажеттісінің астын сызыңыз)  ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруіңізді және  аспалы сырғаның телңұсқасын (телнұсқа алу үшін көрсетіледі ) беруіңізді сұраймын.

жануар түрі _______________________________________________________;
жануарлар саны ___________________________________________________;

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі (аспалы сырғаның телнұсқасын алу үшін)_____________________________________________

Бірдейлендіру тәсілі (сырғалау, таңбалау, чиптеу, татуировка) (қажеттісінің астын сызыңыз);

Мына құжаттарды қоса беремін:

 Чиптің құнын төлеу туралы түбіртек;

 Ауыл шаруашылығы жануары паспортының көшірмесі:

 Өзге құжаттар (көрсету керек)

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

Байланыс телефондары _____________________ E-mail ____________________

20 __ жылғы ____________ _________________________

(өтініш берушінің қолы)

Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________
Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды

__________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
Ескертпе* ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу қажеттлігінің себебін көрсету.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет                     стандартына
2-қосымша

Нысан

_________________________________________

(ветеринариялық ұйымның атауы)

_________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)

Мекенжайы _______________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беруді сұраймын. _____________________________________________________________________________________________________________________себебі бойынша

Жануарың түрі __________________________________________________

Жануарлар саны ________________________________________________

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі:________________________

ветеринариялық паспорттың жоғалуы, бүлінуі фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беремін:_________________________________________

Байланыс телефондары _____________________ E-mail __________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

20 __ жылғы ____________ _________________________

(өтініш берушінің қолы)

Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________
Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды

__________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
 
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет                     стандартына
3-қосымша

Нысан

_________________________________________

(ветеринариялық ұйымның атауы)

_________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)

Мекенжайы _______________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

          Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беруді сұраймын.

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі:_________________________

__________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

______________________________________________20__жылғы__________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

10-қосымша

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті облыстардың Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін –аттестаттау кестесі не сәйкес жүзеге асырылады.

Атестаттау бір күнде өткізіледі және екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.

Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден теріс нәтиже алған кезде атестаттаудың екінші кезеңіне өтпейді (әңгімелесуге)

Мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген қайта тестілеуден өту тәртібі алғашқы тестілеуден алты ай өткенен кейін.

Комиссия шешімімен қайта әңгімелесуге тиіс. Алғашқы әңгімелесу күнінен бір ай өткенен кейін қайта әңгімелесу өтеді.

Атестаттаудан өтпегенде, көрсетілетін қызметті алушы атестаттау нәтижесін алғанына бір жыл өткенен кейі қайта атестаттауға қатысуға құқылы.

2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мынадай шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы:

1) аттестатталды;

2) қайта аттестаттауға жатады;

3) аттестатталған жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Аттестаттау парағы электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттаудың өткізілетін күні, уақыты, орыны туралы және қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсет нәтижелерін электрондық құжат нысанында хабарлама жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің  – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

3) ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

порталға:

  • тұтынушының куәландырылған ЭЦҚ-сымен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  • соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың электорндық көшірмесі (бар болса);
  • ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса).

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағын Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты(бар болса), почталық мекенжайы;

заңды тұлға – оның  атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметтікөрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:1414.

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

Нысан/форма

______________________________________________________________________

(ЖАО бөлімшелерінің атауы/наименование подразделения МИО)

_________________________________

___________________________________

(үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)/фамилия, имя, отчество (при наличии) претендента)

Тұрғылықты мекен жайы, байланыс телефоны/Адрес проживания, контактный телефон

___________________________________

___________________________________

Өтініш/Заявление

Сізден ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауға рұқсат беруіңізді сұраймын/Прошу Вас допустить к аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.

Қоса беріліп отырған құжаттар/Прилагаемые документы:

  1. ______________________________________________________________________
  2. ______________________________________________________________________
  3. ______________________________________________________________________
  4. ______________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

____________________________

(үміткердің қолы/подпись претендента)

____________________________

(толтырылған күні/дата заполнения)

*үміткердің өтініші өз қолымен толтырылады/заявление претендента заполняется собственноручно

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11959 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;

осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мынадай 11 және
12-қосымшалармен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық инспекциялары;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.»;

8, 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің:

дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының шегінен тыс өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жұмыс уақыты кестесіне сай көрсетілетін қызметті беруші белгілейді.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде –сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;

4) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтама (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжатың көшірмесі.

Порталға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – мемлекеттік ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) электрондық көшірмесі;

3) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорттың электрондық көшірмесі;

4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтаманың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты, асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат туралы, балықтың қайдан ауланғаны туралы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып экспортауға рұқсат беру туралы, ветеринариялық анықтама туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы ақпараттың ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі;

2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қауіпсіздік қағидаларына сәйкес келмеуі;

3) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсаттың болмауы (үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде);

4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекет) Біріңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан және олардың өндірілген өнімдерінен ерекшеленетін талаптар бойынша әкету.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринариялық анықтама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәлеметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

бес келіден жоғары балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ гаммарус, артемия салина (цисталар) шаяндар) тасымалдау кезінде балық аулау орны туралы анықтама қажет.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекет терден) әкелінген ветеринариялық (ветеринарниялық-санитариялық) бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезінде – ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты  көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) толық емес құжаттар топтамасы;

2) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы);

3) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнының қолайсыз аймақ деп белгіленуі;

4) жануардың жеке нөмірінің болмауы;

5) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен  қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде:

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе қызмет көрсету орталығына құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.»;

«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу қажет болған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі                                    А. Мамытбеков

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

__________________Ә. Исекешев

2015 жылғы «____» ___________

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________________Е. Досаев

2015 жылғы «____» ___________

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 24 қарашадағы

№ 7-1/1031 бұйрығына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

11-қосымша

«Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. «Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  4. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу;

сараптама қорытындысы теріс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға нақты себептерді көрсете отырып, жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісуден жазбаша бас тарту жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін);

4 (төрт) дана мемлекет және орыс тілдеріндегі нормативтік-техникалық құжаттама (шетелдік өтініш берушілер үшін нотариалды куәландырылған аудармасы бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нормативтік-техникалық құжаттама және нотариалды куәландырылған аудармасының көшірмесі бар нормативтік-техникалық құжаттаманың көшірмесі), ол мыналарды:

1) ұйым стандартын және/немесе халықаралық стандарттарды;

2) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын әзірлеуші (жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы) қол қойған/бекіткен ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын дайындау және бақылау жөніндегі нұсқаулықты;

3) өндіруші әзірлеген ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын қолдану (пайдалану) жөніндегі нұсқауды (нұсқаулықты);

4) микроорганизмдердің өндірістік және бақылаудағы штаммдарына және жасуша өсіріндісінің қайта себілетін желілеріне арналған паспортты (ветеринариялық препараттар үшін);

5) ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспасының тіркелгенін және/немесе Кеден Одағына және Бірыңғай Экономикалық Кеңістіке мүше елдерден басқа, үшінші елдердің ресми мемлекеттік фармокопеясына енгізілгенін растайтын құжатты (бар болса);

6) ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының (ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын дайындау/бақылау үшін пайланылатын микроорганизмдердің штаммдары) жекелеген компоненттеріне немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспасын дайындау технологиясына/әдісіне не оны пайдалануға/қолдануға патент (тер) бар болған жағдайда ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспасының компоненттерін дайындаушы мен патент иесі арасында жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

7) зертханалық және өндірістік сынақтың хаттамасын (актісін) қоса отырып, ветеринариялық препаратты, жемшөптік қоспаларды әзірлеу, түрлендіру, жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есепті;

8) ветеринариялық препараттардың халықаралық стандарттарға (Good Manufacturing Practice – тиісті өндірістік тәжірибе) сәйкес өндірілгенін куәландыратын құжаттарды (бар болса) қамтиды.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжайлар бойынша беріледі:

1) Комитетке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 605-кабинет,
8 (7172) 55-58-15, 55-59-45 телефондары, priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz электрондық адресі;

2) Министрлікке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 301-кабинет, 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63 телефондары.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитетің немесе  Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық өтінішті жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 24 қарашадағы

№ 7-1/1031 бұйрығына

2-қосымша

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№7-1/418 бұйрығына

12-қосымша

«Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы Ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі – ведомство) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаларға және Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу бағдарламасына сәйкес – екі жылға дейін;

2) көрсетілетін қызметті алушы ведомствоға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – апробация нәтижелері туралы акт.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Апробация нәтижелері туралы акт қағаз нысанда ресімделеді, оған көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен расталады.

  1. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
    10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының
    1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы түрде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда не зертханалардың кассаларына қолма-қол ақшамен төлейді.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін);

жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамасының ведмоствомен келісілген көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға осы стандарттың
4-тармағында көрсетілген мерзімдерде апробация жүргізу үшін:

көрсетілетін қызметті беруші Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) ведомствомен келіседі, ветеринариялық  препаратқа, жемшөптік қоспаға апробациясын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады, Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізуге арналған комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің қатысуын және Бағдарламамен танысуын қамтамасыз етеді;

ведомство Бағдарламаны және Комиссия құрамын бекітеді, ветеринариялық  препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізу орнын айқындайды;

көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық  препаратты, жемшөптік қоспаны апробация жүргізу орнына Бағдарламада көрсетілген көлемде жеткізуді қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжайлар бойынша беріледі:

1) Комитетке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 605-кабинет,
8 (7172) 55-58-15, 55-59-45 телефондары, priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz электрондық адресі;

2) Министрлікке 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 301-кабинет, 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63 телефондары.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитетің немесе  Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық өтінішті жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік  қоспаларға апробация жүргізу»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

Нысан

Өтініш

_____________________________________________________ ветеринариялық препаратына,

(ветеринариялық препараттың, жемшөптік қоспаның саудалық және жалпы қабылданған атауы)

жемшөптік қоспаға апробация жүргізуді сұраймын

  1. Өтініш беруші ___________________________________________________________ _______________________________________________________________________________                    (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның атауы)
  2. Өтініш берушінің мекенжайы, телефоны, факсі, банктік деректемелері __________
    _______________________________________________________________________________
  3. Өтініш берушінің ЖСН/БСН _______________________________________________
  4. Ветеринариялық препарат, жемшөптік қоспа туралы мәлімет _________________

________________________________________________________________________________

  • құрамы: _______________________________________________________________

2) дәрілік нысаны_________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

3) тағайындалуы ___________________________________________________________

  1. ветеринариялық препаратты, жемшөптік қоспаны дайындаушы ________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның атауы)

  1. Ветеринариялық препаратты және жемшөпік қоспаны өндіруші ________________
    _______________________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) заңды тұлғаның атауы)

7.Өтініш берушінің өкілі  ____________________________________________________

________________________________________________________________________________

(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы)

  1. Өтінішке мынадай нормативтік-техникалық құжаттама қоса беріледі: ________________________________________________________________________________
  2. Өтінім берілді: 20____жылғы «____» __________________ ________________________________________________________________________________
    (қолы)                                                              (Өтініш беруші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
  3. 10. Өтініш қабылданды:

20_____жылғы  «____» __________________

________________________________________________________________________________
(қолы)                      (өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)және лауазымы )

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 24 қарашадағы

№ 7-1/1031 бұйрығына

3-қосымша

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№7-1/418 бұйрығына

6-қосымша

  «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық және аудандық филиалдары;

2) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – мемлекеттік орган);

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде.

Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

серологиялық зерттеулер бойынша:

классикалық – бес жұмыс күні ішінде;

иммундық ферменттік талдау (ИФТ) – жиырма жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына байланысты);

вирусологиялық зерттеулер – жиырма бес жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);

молекулярлы-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – жиырма жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына байланысты);

бактериалогиялық зерттеулер бойынша:

микроскопия – екі жұмыс күн ішінде;

биологиялық сынама – жетпіс жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдәстемелерге байланысты);

паразитологиялық зерттеулер бойынша – үш жұмыс күні ішінде;

тамақ өнімдерінің, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау бойынша – сегіз жұмыс күні ішінде;

тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – бір жұмыс күні ішінде.

Сынаманы алу және оны зерханаға зерттеуге жолдау – бес жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сараптама актісі (сынақ хаттамасы).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу орны, күні мен уақыты туралы ақпарат жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетелетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
    10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 3), 5),
    6-1), 7) тармақшаларына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда не зертханалардың кассаларына қолма-қол ақшамен төлейді.

Мемлекеттік орган қызметкерінің мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін сынама алуы ақысыз жүзеге асырылады.

  1. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің  – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алған) аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

мемлекеттік органға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін);

порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мемлекеттік орган қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) мемлекеттік органға – көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Сынаманы алғаннан және оны зерттеу үшін зертханаға жібергеннен кейін мемлекеттік органның кызметкері нысандағы хабарламамен жолдайды, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық-санитариялық сараптаманың немесе диагностикалық зертеулердің құны мен уақыты туралы хабарлама жолдайды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ мынадай мекенжайлар бойынша Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының не Министрлік басшысының атына беріледі:

1)      Комитетке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36,
605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45, электрондық мекенжайы: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz;

2)      Министрлікке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36,
301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы ЭЦҚ-сы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

____________________________________________

(ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын _________________________________________________жергілікті атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің/

______________________________________________

бөлімшесінің атауы)

___________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ЖСН /

заңды тұлға атауы, БСН)

Мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің*)

нөмірі   ____________________

Мекенжайы_______________________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беруді сұраймын     _____________________________________________________________

(мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектісінің атауы, түрі)

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

Байланыс телефоны __________________ E-mail _______________________________________

Зертхананың тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларына сәйкес зертхана көрсететін қызметтерді төлеуге өз келісімімді растаймын.

Зертхана көрсететін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларымен таныстым.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысын:

 зертхана кассаларына қолма-қол ақша нысанында;

 екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арықылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда;

 шарттағы міндеттемелер шеңберінде жүргізуге міндеттенемін.

Зертхана көрсететін тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

Ветеринариялық инспектордың немесе дәрігердің ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынамалар алуына келісемін.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

___________________________________________           20__жылғы  ____________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан

№ _____

ХАБАРЛАМА

20____жылғы «____» __________________

Өтініш беруші __________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ЖСН / заңды тұлғаның атауы, БСН) Мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің) нөмірі

Жүгінген күн 20__жылғы «    » ____________

Сараптама атауы____________________________________________

Сараптама актісін беру мерзімі _________________________________________

Көрсетілетін қызмет құны: ____________________________________________________

_________________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің/ бөлімшесінің атауы

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 24 қарашадағы

№ 7-1/1031 бұйрығына

4-қосымша

«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық

жағдайды бағалауды ескере отырып,

орны ауыстырылатын (тасымалданатын)

объектiлердiң экспортына, импортына

және транзитiне рұқсат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

_________________________________________

(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы)

_________________________________________

(заңды тұлғалар үшін: толық атауы, орналасқан жері, өндіріс объектісінің ведомство берген есептік нөмірі (коды), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi / жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), есептік нөмірі (коды) сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің №, тіркеу күні, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер болар болса))

Өтініш

Сізден ________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.

(экспортқа/импортқа (керегінің астын сызу)

1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі
2. Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)
3 Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні шыққан жері
4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау, импорттау кезінде пайдалану болжанатын көлік түрі
5. Олар арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары
6. Экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, өңдеу; жемшөп пен жемшөп қоспалары үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі)  

7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің атауын және есептік нөмірін көрсете отырып, Кеден одағының (импорттау кезінде), үшінші елдердің (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) (экспорттау кезінде) кедендік аумағындағы межелі пункті
8. Жойылып кету қаупі төнген және Жойылып кету қауіпі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (бұдан әрі – СИТЕС) ықпалына түсетін тірі жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларын (дериваттарын) әкеткен жағдайда СИТЕС ықпалына түсетін жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері  

9. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының шыққан елін және олардың тіркеу куәліктерінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күні) көрсете отырып, ұйымдардың – өндірушілердің ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын экспорттау кезінде  

10. Асыл тұқымды жануарларды және асыл тұқымдық өнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың нөмірі және күні
11. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы
12. Объектінің орналасқан жері
13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантинге қою, өндіру, сақтау шарттары
14.  Талаптары бойынша «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін Қазақстан Республикасына үшінші елдерден әкелінген (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді және олардан өндірілген өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығармауға келісімді растаймын
15. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Мәліметтердің дұрыстығын растаймын

____________________________________________  ____________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)                 қолы, күні

  • <p align="center"><p align="center">Сот кабинетi</p></p>

    Сот кабинетi

  • <p align="center">Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы</p>

    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы

  • <p align="center">Павлодар облысының ақпараттық ресурсы</p>

    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы

  • <p align="center">”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі</p>

    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі

  • <p align="center">«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ</p>

    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ

  • <p align="center">«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ</p>

    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ

  • <p align="center">«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ</p>

    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

  • <p align="center">Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы</p>

    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы

  • <p align="center">Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы</p>

    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы

  • <p align="center">Халықтық IPO бағдарламасы</p>

    Халықтық IPO бағдарламасы

  • <p align="center">Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі</p>

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

  • <p align="center">Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі</p>

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

  • <p align="center">"Назарбаев орталығы" ММ</p>

    "Назарбаев орталығы" ММ

  • <p align="center">Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі</p>

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

  • <p align="center">Қазақстанның мобильдік үкіметі</p>

    Қазақстанның мобильдік үкіметі

  • <p align="center">Техникалық реттеу және метрология комитеті</p>

    Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • <p align="center">Қазақстан 2050 Стратегиясы</p>

    Қазақстан 2050 Стратегиясы

  • <p align="center">Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты</p>

    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Accessibility