Малдан алынатын ет және сүт өнімдерін даладан сатып алу денсаулық үшін қауіпті екендігіне азаматтардың көңілін аударамыз. Бұндай өнімдерде көбінесе тұрмыста пайдалануға жататынын растайтын ветеринариялық-санитариялық сараптау құжаттары жоқ болып келеді.
Бұндай орындарда сатылатын өнімдер тоңазытқыш құрылғыларының жоқтығынан антисанитарлық жағдайда сақталады. Сүт және ет тез бұзылатын өнім және дұрыс сақталуды қажет ететіндігі туралы ескертеміз. Соған қоса сүтті сауғанда, сақтағанда, бөшке мен ыдыстарда санитарлық тазалық талаптары сақталмағанда, сүтте стафилококк, стрептококк, ішек таяқшалары мен басқа да микроорганизмдер пайда болатының ұмытпау қажет. Микроорганизмдер үшін сүт белсенді әрі нәрлі орта болып табылады. Сүт 20-25 градустан жоғары температурада салқындатусыз сақталса оларда . микроорганизмдер белсенді өседі.
Тағамдарды қолдан алған қауіпті. Малдың өнімдерін арнайы дүкендерден немесе ветеринариялық–санитариялық сараптау зертханалары бар базарлардан алған орынды. Павлодар облысының ветеринария Басқармасы ет және сүт өнімдері, балық, жұмыртқа және тағы басқа да мал өнімдерін даладан сатып алу денсаулыққа қауіпті және инфекциялық немесе паразиттік ауруларды жұқтырудын бірден-бір жолы екендігі туралы азаматтарды ескертеді.
Павлодар облысының әрбір тұрғыны WhatsApp 87784161680 желісі арқылы өз ұсыныстары мен өтініштерін жолдай алады. Проблемалық сұрақтар туындаған жағдайда жедел шаралар қолданылады.