WhatsApp: 8(778)416-16-80; 140005, Павлодар қаласы, Мир к-сі, 22; KENSE.UV@PAVLODAR.GOV.KZ; 8 (7182) 531504 қабылдау бөлмесі

2018 жылғы 1 қазанға ауыл шаруашылық жануарлар электронды бірдейлендіру дерекқорында тіркелген: ІҚМ – 455 805 бас; ҰҚМ – 603 102 бас; шошқалар – 72 948 бас; жылқы – 154 070 бас; түйелер –123 бас

Мемлекеттік мекеме туралы Ереже

«Павлодар облысының ветеринария басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын және Павлодар облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
3. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және зандарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай –ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы занды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртанбалары,  белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
2. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және заннамамен көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
3. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заннамасына сәйкес бекітіледі.
4. Занды тұлғаның орналасқан жері: индексі 140005, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 22-үй.
5. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 –ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
1. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі атауы: государственное учреждение «Управление ветеринарии Павлодарской области».
2. Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
3. Осы  Ереже «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
4. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
5. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыс аумағындағы эпизоотиялық саулықты қамтамасыз етуге бағытталған ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ветеринария саласында мемлекеттік саясатты дамыту және жетілдіру болып табылады.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты: экономикалық өсуге ықпал ету және бәсекеге қабілеттіліктің сапалы деңгейіне қол жеткізу, ветеринарияны дамыту саясатын облыстық деңгейде іске асыру, ветеринария саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мониторинг және талдау жасау.
2. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні – облыс аумағында ветеринария саласын дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бойынша іс шараларды жүргізу.
3. Мiндеттері:

1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;

6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;

7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

1. Функциялары:

1) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысу бөлігін иелену және қолдану құқығын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен қарастырылған жағдайда, сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешім қабылдау құқығын жүзеге асыру;

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

2-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде

ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың басмемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;

6) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;

7) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;

8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринарлық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

10-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттіліктіайқындау және процессингтік оталыққа ақпарат беру;

11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіружөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

11-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарғаесптік нөмірлер беру;

11-2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

11-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарау;

11-4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

11-5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

12) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

13)жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

14)уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

15) ветеринария мәселелері бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

15-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

15-2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтынмемлекеттік комиссияларға қатысу;

15-3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

17)«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің мемлекеттік қызмет өтуімен байланысты мәселелерді жүзеге асыру;

18) әкімнің тапсырмаларын, облыс әкімдігі және әкімінің актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру;

19) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және үнемі дамытып отыру;

20) «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарын әзірлеу;

21) тиісті дерекқорды құрумен облыстың бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;

22)«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

23) «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Құқықтары:

1) Павлодар облысы әкімінің қарауына ветеринария саласында облыстықбюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдардың дайындалуын жүзеге асыру;

2)«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте ақпарат сұрату және алу;

3) басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

4) өз құзыреті шеңберінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс шараларға қатысу;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу анықталған жағдайда, ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

6) мемлекеттік органдарда, сотта «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғау;

7) өз құзыреті шеңберінде шарттар, келісімдер жасау;

Міндеттері:

1) өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заннамасын сақтау;

2) өзінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу.

3.«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері болып табылады және Қазақстан Республикасының занамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, сондай-ақ «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3)Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

5)барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

6) «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

7)«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

8) өзінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

9)сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербесжауап береді.

«Павлодар облысының ветеринария басқармасы»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттікмекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім шартқасәйкес анықталады.

4.«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

1. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін тарату кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншігінде қалады.

Сот кабинетi

Сот кабинетi

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы

Павлодар облысының ақпараттық ресурсы

Павлодар облысының ақпараттық ресурсы

”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі

”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі

«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ

«Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы

Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы

Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы

Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы

Халықтық IPO бағдарламасы

Халықтық IPO бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

"Назарбаев орталығы" ММ

"Назарбаев орталығы" ММ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қазақстанның мобильдік үкіметі

Қазақстанның мобильдік үкіметі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

Техникалық реттеу және метрология комитеті

Қазақстан 2050 Стратегиясы

Қазақстан 2050 Стратегиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Accessibility